Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда мемлекеттік қызметшілер сенбілікке шықты

 Атырауда 15 наурыз бен 15 мамыр аралығында тұрмыстық қалдықтарды санитарлық тазалаудың екі айлығы жарияланды. Бүгін облыстық, қалалық әкімдіктің екі жүзден астам қызметкері қаланы санитарлық тазарту бойынша сенбілікке қатысты.

Әріптестерімен бірге аумақты тазалауға облыс әкімі Серік Шәпкенов, қала әкімі, әкім орынбасарлары, басқарма басшылары қатысты, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері «Арнайыавтобаза» ЖШС қызметкерлерімен бірге 3, 4 шақырым жағалау белдеуін тұрмыстық қоқыстан тазартты. – Қаланы тазарту шараларына кәсіпорындар мен коммерциялық құрылымдардың ұжымдарын шақырамын. Әрбір тұрғын өз қаласының тазалығын сақтауға үлесін қосуы керек. Ал бүгін мемлекеттік органдардың қызметкерлері тұрғындарға үлгі көрсетіп, сенбілікке қатысуға шақырды,- деді С.Шәпкенов. Облыс әкімі Серік Шәпкенов қыс мезгілінде қалың қар жауғаннан кейін қаланықарды тазарту жұмыстары бойынша тәулік бойы жұмыс жүргізген қала әкімі Мейірім Қалауи мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы қызметкерлердің жұмысын ерекше атап өтті. Осы жұмыстың нәтижесінде қала көшелері мен жеке секторды су басу дерегі болмады. Басқа өңірлермен салыстырғанда Атырауда көктемгі су басу орын алмады. Сондай-ақ, облыс әкімі жауапты мемлекеттік органдарға Жайық өзеніне су келу жағдайын бақылап, көршілес облыстардан алынған ақпарат пен синоптиктердің деректерін ескере отырып, тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT