Атырауда мемқызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Биыл Атырау облысында мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі.

Пилоттық жобаны факторлы балдық шкала негізінде жүзеге асыру көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы бүгін облыстық кадр саясаты комиссиясының кеңейтілген отырысында белгілі болды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салауат Мүксімовтің айтуынша, бұған дейін департаментте еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіліп, мемлекеттік қызметшілердің жалақысы екі есеге өскен. Енді пилоттық жоба әкімдіктерге енгізілгелі отыр. «Біріншіден, жалақы мөлшері – бірнеше критерийге тәуелді. Еңбек өтілі өзгеше есептеледі. Функционалды іріктеу, топқа бөлу жүргізіледі. Бұрын еңбек өтілі көп қызметкер жұмыстың нәтижесіне қарамастан жоғары жалақы алған болса, енді оған қызметінің тиімділігіне байланысты еңбекақы төленеді. Қазір 1 500-ден астам штат саны мен олардың жалақысы бекітілуде.

Екіншіден, жыл өткен соң әр мемлекеттік қызметшінің жұмысы бағаланып, соның нәтижесімен бонус мөлшері белгіленеді» - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салауат Мүксімов.

inform.kz

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21