Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазақстан Қытайдан жеміс әкелуді тоқтатты

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2 наурыздан бастап енгізілген шектеулерге фитосанитариялық талаптардың жүйелі түрде бұзылуы себеп болғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Қазақстан Қытайдан кейбір жемістерді алып келуді уақытша тоқтатты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан. Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, уақытша эмбарго 2020 жылдың 2 наурызынан басталған.

Атап айтқанда, Қытайдан сүйекті, шекілдеуікті және цитрусты дақылдарды (ЕАЭО СЭҚ ТН 0808, 0809 және 0805 кодтары) алып келуге тыйым салынды. "Тыйым салуға Қытайдан Қазақстан аумағына кіргізілетін өнімдерден "карантиндік объектілердің" жүйелі түрде табылуы негіз болды", - деп түсіндірді ведомство.

Министрліктің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қытайдың бас кеден басқармасының атына карантинге жатқызылған өнімді алып келу кезінде халықаралық және бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптардың бұзылғаны туралы нотификация жолдады. Қытайдың карантиндік қызметі Қазақстан жолдаған ресми хабарламаны қарастырып, әрекет ету шараларын күшейтуді ұсынды. Атап айтқанда, Қытай тарапы кейбір жеміс бақтары карантиндік объектілерге қарсы алдын алу шараларын жүргізбей, жүйелі түрде заңбұзушылықтарға жол бергенін анықтады.

sputniknews.kz

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521