Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда «JasUp Mega Sumo Tournament – 2026» ашық республикалық робототехника турнирі өтті

2026 жылғы 6 қаңтарда Атырау қаласындағы **Senim** элиталық мектебінде «JasUp Mega Sumo Tournament – 2026» атты ашық республикалық робототехника турнирі өтті. 

Аталған жарыс Қазақстанның әр өңірінен келген оқушыларды, студенттерді және педагогтарды бір алаңға **біріктірді**. Турнирдің негізгі мақсаты Атырау облысында **STEAM-білім беру мен робототехниканы кеңінен насихаттау**, балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық және инженерлік дағдыларын **дамыту**, сондай-ақ спорттық робототехника саласында педагогтар арасында **тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау** болды. Іс-шара «Теңізшевройл» компаниясының Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын **JasUp** жобасы шеңберінде **ұйымдастырылды**. Жарыс барысында қатысушылар жапондық сумо күресіне ұқсас форматта автономды роботтарын **сынады**. Роботтардың басты міндеті қарсыласын ринг шекарасынан сыртқа **ығыстыру** болды. Робот сумосы әлемдегі ең танымал робототехникалық жарыстардың бірі болып **саналады**, және жыл сайын мыңдаған оқушы осындай сайыстарға **қатысады**. Турнирде жапондық **Mega Sumo** ережелері **қолданылды**: роботтың өлшемі 20×20 см-ден, ал салмағы 3 килограмнан **аспады**. Барлық роботтар толықтай автономды болып, датчиктерден келіп түскен ақпарат негізінде адамның араласуынсыз өздігінен **шешім қабылдады**. Жеңіске жеткен командалардың роботтары жылдамдығымен, дәлдігімен, сенімділігімен, конструкциялық шешімімен және қарсыласын итеріп шығарудағы тарту күшімен **ерекшеленді**. Турнирге 133 қатысушыдан құралған 57 команда **қатысты**. Қатысушылар Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарынан, сондай-ақ Астана қаласынан **келді**. «JasUp Mega Sumo Tournament – 2026» инженерлік ойлау қабілетін, командалық жұмысты және инновациялық әлеуетті дамытуға бағытталған маңызды алаңға *айналды** және Қазақстанда **STEAM-білім беру мен робототехника саласының одан әрі дамуына серпін берді**.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT