Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда алғаш рет Ұлттық кітап күні тойлануда

Атырауда «Кітап — рухани қазына» атты ашық аспан астындағы іс-шара өтті. Мереке аясында 23 сәуірге дейін облыс бойынша «Мәртебелі кітап» апталығы ұйымдастырылады,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиынға екі жүзге жуық адам қатысты. Олардың қатарында аймақтың ақын-жазушылары мен қоғам қайраткерлері, ұстаздар мен студенттер, кітапхана оқырмандары бар.

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының директоры Сара Ізмұханбетованың айтуынша, мереке өңірдегі 139 кітапханада тойланып жатыр. Мақсат — оқырмандарды кітапханаға тарту, кітап құдіретін түсіндіру.

⁃ Бұл мереке Мемлекет басшысының қоғамдағы оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында берген тапсырмасының аясында ұйымдастырылуда. Соған сәйкес осы жерде жұмысшы мамандықтар және Абайдың 180 жылдығына орай кітап көрмесі қойылып, жазушылармен жүздесуге мүмкіндіктер қарастырылды. Сондай-ақ оқырман назарына жаңа кітаптар көрмесі ұсынылды,-деді С. Ізмұханбетова.

Одан бөлек қалың көпшілікке түрлі ойындар мен қуыршақ театрынан ертегілер қойылымы ұсынылды. Қаладағы ірі кітап дүкендері кітап жәрмеңкесін өткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT