Өңірде соңғы бір аптаның ішінде қауіпті індетке шалдыққан адамдардың саны 210-ға, азайған, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. ⠀
Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді. ⠀
- Бүгінгі күні облыс көлемінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 873 жағдай тіркелген. Бір күннің ішінде 177 адамның қауіпті індетке шалдыққаны айқындалып отыр. Бұрынғы тіркелген жағдайлармен салыстырғанда, бұл соңғы бір аптада COVID-19 жұқтыру жағдайы 210-ға азайғандығын көрсетеді, - деді Нұрлыбек Қабдықапаров. ⠀
Айта кетейік, бүгінде облыстағы коронавирустан жазылып шыққандар саны ауырып шыққан адамдардың 60 пайызын құрайды.
Нақтырақ айтқанда 5 253 адам COVID-19-дан айықты.
Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі