Аудан орталығына қарасты Тайсойған ауылының тұрғыны Түлкібаев Бердімұрат Амангелдіұлы фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында өзінің жанайқайын былайша жазды:
"Менің отбасымда 9 адам тұрамыз. Әкем зейнеткер анам екінші топ мүгедегі. Өзім, әйелім және 5 балам болып жоғарыдағы фотосуретте көрсетілген үйде тұрып жатырмыз. Үйде жұмыс жасайтын өзім. Табатын табысым 50.000 теңге. Тапқан ақшамыз балдардың киіміне де әке шешемнің дәрі-дәрмегіне де жетпейді. Үйіміздің шатырынан жаңбыр жауған кезде су кетіп отырғызбайды. Ал, қыс мезгілінде өте суық болғандықтан баларым ауырып берекеті кетеді. Үй құлайындеп тұр. Оның үстіне құм да басқан. Жазда отыратын сарайымыз отыруға келмейді. Соған үй салуға ақшалай көмектеріңіз қажет. Жүз теңге болсын 1 теңге болсын көмек қолын созсаңыздар. Алла разылығы үшін. Каспий голд 8 771 113 59 94 осы нөмірде. Жолдасым Лаура Есенаманқызының атында. Басқа да группаларға бөлісе отырсаңыздар."
Міне, осылайша өзінің жағдайының жоқтығын айтып, ойын жазған азаматтың сағын сындырып, табаламай қолымыздан келгенінше көмектессек нұр үстіне нұр емес пе, ағайын?!
Адамның күні адаммен деген... Ендеше, қарап қалмай мүмкіндігіңізге қарай ниеттестік білдірсеңіздер.
Айымгүл Жалғасқызы