Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысында халықтың 85,8 % - ы медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған

Республика бойынша шамамен 16 млн қазақстандық немесе халықтың 84%-ы медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған.

Елімізде МӘМС жүйесіне енбегендердің саны 3 млн-нан асып отыр. Жарнаны тұрақты төлемегені үшін 1,6 млн адам мәртебеге ие болған жоқ, ал 1,4 млн тұлға бір жыл ішінде бірде-бір рет жарна төлемеген.

«Бүгінгі күнге Атырау облысы бойынша сақтандырылған азаматтардың саны 563 мың яғни 85,8 % азаматтарымыз сақтандыру жүйесіне енген. Бұл республика бойынша үздік үштікке кіре алатын көрсеткіш болып табылады.

Ал облыста «сақтандырылмаған» азаматтарымыздың саны – 93 571 адамды құрайды, бұл пайызға шаққанда 14,2 % құрап отыр» - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры С. Құралбек.

Атырау облысында тұрғындарды МӘМС жүйесіне енгізу үшін тыңғылықты жұмыстар жүргізу одан әрі жалғасуда. 2020 жылы медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар мен аударымдар ретінде 550 млрд теңге түсті. Оның ішінде азаматтардың жеңілдікке ие санаттары үшін мемлекеттің төлеген үлесі - 297,6 млрд теңге немесе барлық түскен қаражаттың 54%-ы. Жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін 162 млрд теңге (29%) аударды. Атырау облысы бойынша жарнаның жалпы сомасы 30 млрд 372 млн теңгені құрап отыр.

Оның 25 млрд 180 млн теңгесі (шамамен 96,4%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 5 млрд 191 млн. теңге (3,6% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. 2021 жылға жүргізілген медициналық қызметтерді сатып алу қорытындылары бойынша Атырау облысы бойынша 62 медициналық ұйым медициналық сақтандыру қорының жеткізушісі болды, оның 33-і мемлекеттік, 29-ы — жеке меншік кәсіпорындар.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92. Байланыс орталығы – 1406

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT