Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері экологиялық тимбилдингке қатысты

Атырау мұнай өңдеу зауытында кәсіпорынның 80 жылдығын тойлау аясында «Табиғат – біздің үйіміз, зауыт – отбасымыз» атты экологиялық тимбилдинг өтті. Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігімен тұспа-тұс келген тазалық акциясына «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Ғалымжан Жусанбаев бастаған 100-ге жуық қызметкер қатысты. 

Күрек пен тырма алып, қапшықтарын арқалаған мұнай өңдеушілер таңмен қызу жұмысқа кірісті. Зауыт аумағын абаттандырып, тазалық акциясына белсенділік танытты. Олар көңілді әуен ырғағымен өндірістік нысандар мен әкімшілік-әлеуметтік ғимараттар айналасын, саябақтарды тазартып, жол бойындағы ағаштарды әктеді. Бір жарым сағат уақыт ішінде жұмысшылар шамамен 12 текше метр күл-қоқыс жинады. 

Зауыттың Бас директоры Ғ.Жусанбаев әрбір қызметкер өзі еңбек ететін нысан аумағының тазалығына жауапты екенін баса айтты. 2 500-ден астам адамның екінші үйіне айналған зауыттың санитарлық жағдайын жақсарту - ортақ міндет екенін тілге тиек етті. Тазалық акциясының соңында қатысушыларға Ораза-бокстар таратылды.

Айта кеткен жөн, Атырау мұнай өңдеу зауытының 80 жылдық мерейтойы аясында қызметкерлер мен эко-белсенділерінің қатысуымен бірқатар экологиялық шаралар жоспарланған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT