Атаулы әлеуметтік көмек көрсету – отбасылардың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудегі басым бағыттың бірі.
Аталмыш көмек аз қамтылған азаматтарға және табыстары төмен деңгейдегі отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем. Биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңаша түрі тағайындалғаны белгілі.
Атаулы әлеуметтік көмек отбасында жан басына шаққандағы орташа табыс деңгейі кедейлік шегінен аспайтын, яғни бір отбасындағы айлық табыс деңгейі 20789 теңгеден төмен отбасыға берілді. Оның ішінде кәмелетке толмаған балаларға 20789 теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек төленді. Сондай-ақ, енді келер жылдан бастап, яғни, 1 қаңтардан бастап, жаңа мемлекеттік жәрдемақы төленетіндігі әрбір ата-ананы қуантатыны сөзсіз. Көп балалы отбасыларға жаңа жылдан бастап жәрдемақының жаңа түрі қарастырылмақ. Енді 4 және одан да көп баласы бар әр отбасы 42500 теңгеден 73 мың теңгеге дейін жәрдемақы ала алады.
Ендеше, осындай атаулы әлеуметтік көмек жиі көрсетіліп тұрса нұр үстіне нұр болар еді.
Нұргүл МЫРЗАҒАЛИЕВА,
Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы