Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазіргі қоғамның дендеген дерті, өршіген мәселесі қылмыстық құқық бұзушылықтар болса, енді халқымыз майдаға балап, қатты елеп ескере бермейтін әкімшілік құқық бұзу да осы үлкен қылмыстың алғашқы сатыларының бірі екені анық.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен әскери тәртіппен құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында, қазан айында бірнеше рет «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 51051, 41433 және 41321 әскери бөлімдердің әскери қызметшілері және олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен жиналыс өткізді. Онда биылғы жылы әскери қызметшілермен жасалған құқық бұзушылықтар мен оқиғалардың мәліметтері жария етілді. Іс-шара барысында, әкімшілік және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, ескерту және жол бермеу мақсатында, әскери қызметшілердің құқықтық мәдениет деңгейін одан әрі арттыру керектігі айтылды.

Сондай-ақ, әскери қызметшілермен әйелдер кеңесі мүшелері қойған сұрақтарға жауап берілді.

Бақтияр ДӘУРЕНҚҰЛОВ,

Атырау гарнизоны Әскери полиция бөлімшесінің (әкімшілік тәжірибе) офицері әділет капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT