Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АМӨЗ-де ластаушы заттардың шектен тыс мөлшері анықталған жоқ

2023 жылдың 7 сәуірінде ауаның және тазартылған ағынды сулардың сапасын тексеру мақсатында Атырау мұнай өңдеу зауытына облыстық мәслихат депутаты Арман Хайруллин, «Глобус» экологиялық-құқықтық бастамалар орталығының басшысы Г.Чернова, Атырау облысының арнайы мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Е.Ермеков, республикалық атмосфералық ауаны қорғау ғылыми зерттеу орталығының өкілдері Е.Дюсупов пен Ж.Дюсенбаева, «Қазгидромет» РМҚ өкілдері Ж.Жанғалиева мен А.Бисенбаева, сондай-ақ экология департаменті басшысының орынбасары С.Тілегенов келді.

Жағымсыз иістің ошағы саналатын авариялық ашық қамба маңынан күкіртті сутегі, азот диоксиді және күкірт диоксидінің құрамы бойынша атмосфералық ауа сынамалары алынды. Арман Хайруллиннің жеке газ сараптағышы, сондай-ақ «Қазгидромет» РМҚ және АМӨЗ-дің санитарлық өндірістік лабораториясының аспаптары ауадағы күкіртті сутегінің құрамы 0,00 мг/м³ екенін анықтады. Ауа құрамынан азот диоксиді де табылған жоқ. Күкірт диоксиді 0,70 мг/м³ мөлшерінде тіркелді. Бұл көрсеткіш жұмыс аймағында шекті рұқсат етілген концентрациядан бірнеше есе аз. Газ сараптағыш аспаптар биологиялық-тазарту қондырғыларының маңында ауа құрамында 0,2 мг/м3 күкіртті сутегі барын, яғни 10 мг/м3-ті құрайтын жұмыс аймағында шекті рұқсат етілген концентрациядан бірнеше есе аз екенін көрсетті. Биологиялық тазартудан кейінгі нормативті-тазартылған ағынды сулардан алынған сынама барлық көрсеткіштердің шекті нормада екенін, яғни мұнай өнімдері бойынша шекті норма 1,995 мг/дм³ болса, көрсеткіш - 0,776 мг/дм³, АПАВ бойынша шекті норма 0,344 мг/дм³, көрсеткіш - 0,279 мг/дм³, фенолдар бойынша шекті норма 0,066 мг/дм³, көрсеткіш - 0,011 мг/дм³ құрады. Мониторингтік топ өкілдері мен экобелсенділер ашық қамба маңында мұнай өнімдерінің және ыдырау иісінің сезілетіндігіне қарамастан, күкіртті сутегінің мөлшері шекті рұқсат етілген концентрациядан аспайтынын атап өтті. Бұған қоса экология департаментінің және санитарлық-эпидемиологиялық стансасының мамандары АМӨЗ-дің санитарлық қорғау аумағы маңынан да ауа құрамынан күкіртті сутегі мен көмірсутек мөлшерін тексерді. Шектен тыс көрсеткіштер анықталған жоқ. Мониторлық топ АМӨЗ-ге ашықтығы мен Атырау қаласындағы ауа сапасын зерттеу жұмыстарына қатысуға дайындығы үшін алғыстарын жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT