Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Алты елді мекен – ауыз сумен қамтылады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде шалғай елді мекендерді сапалы сумен, түзу жолмен, табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. 

Жалпы аудан бойынша 15 су тазарту қондырғылары жұмыс жа­сайды. Бүгінде оның 11-і қайта жаңғыртудан өткізілді. Ал су тазарту қондырғылары жоқ алты кішігірім Есмахан, Көздіқара, Томан, Атамбаев, Бала Ораз, Кеңөріс елді мекендерінде де басталған су желісінің құрылыс жұмыстары толықтай аяқталған соң, алдағы уақытта пайдалануға берілетін болады.

- Аудан әкімдігі тарапынан аталған елді мекендерге іргелес ауылдық округ орталықтарының су тазарту қондырғыларынан су желілерін жүргізуге облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына сұраныс беріліп, нәтижесінде биылғы жылға Есмахан, Көздіқара, Бала Ораз, Атамбаев елді мекендеріне су желісінің құрылысына жобалау жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Оған қоса осы елді мекендеріне ауыз су жүргізу мақсатындағы құрылыс жұмыстарына 845 650,0 мың теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, Көздіқара елді мекенінде құрылыс жұмыстары бітуге жақын, Есмахан және Атамбаев, Бала Ораз елді мекенінде жұмыстар аяқталды, - дейді аудандық құрылыс, сәулет және қала қүрылысы бөлімінің бас­шысы Ж.Төлеуғалиев.

Ауыз су желісін жүргізу, жазғы су құбырларын жаңғырту жұмыстары Жалғансай ауылында да жалғасып жатыр. Ауылдың жаңа мөлтек ау­дандарына су желісін жүргізу бойынша құрылыс жұмыстарына 1 000,0 мың теңге қаржы бөлініп, жеңімпаз болып танылған мердігер мекеме «Сұңқар Құрылыс LTD» ЖШС-мен келісімшарт жасақталған. Ал, жазғы су құбырын жаңғырту үшін құрылыс жұмыстарына жергілікті бюджет­тен 1 000,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 330 782,0 мың теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме «TESS-PROJECT» ЖШС құрылыс жұмыстарын толықтай аяқтады.

Б.САПАРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT