Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АЛДЫН АЛА БІЛЕЙІК!

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қарашадағы Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемесіне баруына тыйым салуды көздейтін өзгерістер енгізілді.

Оған себеп те жоқ емес. Олай дейтініміз, бүгінде лудомания белең алып барады. Бұл адамның денсаулығы мен өмір сапасына елеулі әсер ететін психикалық ауру. Ойынға тәуелділік отбасындағы елеулі қақтығыстар, жақындарымен және достарымен қарым-қатынастың үзілуі, қаржылық жағдайдың нашарлауы және кәсіби қызметтегі қиындықтар секілді отбасылық және әлеуметтік мәселелерге әкеледі. Мұның барлығы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасау тәуекелдерін арттырады. Сондықтан оның алдын алу үшін білім беру арқылы лудоманияның әсерін азайтып, мемлекеттік қызметшілерге осы проблеманы жеңуіне көмектескен дұрыс.

Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде лудоманияның алдын алу туралы профилактикалық жұмысты күшейту, кездесулер өткізу және осы проблемаға тап болған мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек көрсету қажет деп есептеймін. Барлық мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтауға және заңсыз әрекеттерге қарсы тұруға шақырамын.

Асылбек ЖАНҚУАТОВ,

Аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT