Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Лудомания - қоғам дерті

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қарашадағы Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемесіне баруына тыйым салуды көздейтін өзгерістер енгізілді.

Лудомания – бұл адамның денсаулығы мен өмір сапасына елеулі әсер ететін психикалық ауру. Ойынға тәуелділік отбасындағы елеулі қақтығыстар, жақындарымен және достарымен қарым-қатынастың үзілуі, қаржылық жағдайдың нашарлауы және кәсіби қызметтегі қиындықтар секілді отбасылық және әлеуметтік мәселелерге әкеледі. Мұның барлығы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасау тәуекелдерін арттырады.

Бұл дерттің алдын алу шаралары, білім беру арқылы лудоманияның әсерін азайтуға және мемлекеттік қызметшілерге осы проблеманы жеңуіне көмектесуге болады деп санаймыз. Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде лудоманияның алдын алу туралы профилактикалық жұмысты күшейту, кездесулер өткізу және осы проблемаға тап болған мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек көрсету қажет деп есептеймін. Барлық мемлекеттік қызметшілерді әдеп нормаларын сақтауға және заңсыз әрекеттерге қарсы тұруға шақырамын.

Нурлан Исаев,

ҚР Сот әкімшілігі Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес әзірленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT