Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АЛДЫМЫЗДА АУҚЫМДЫ МІНДЕТТЕР ТҰР

Өткен аптаның сәрсенбісі күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл-кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау мақсатында актив жиналысы өтті.

Аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев төрағалық еткен жиынға санитарлық талаптарды сақтай отырып, округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты. Жиын барысында алдымен сөз сөйлеген аудан басшысы Жолдаудың мәні мен маңызына тоқтала келіп, Жолдаудың басым бағыттарынан туындайтын міндеттерді, олардың аудандық деңгейде іске асырылу барысында қандай жұмыстар атқарылып жатқандығы туралы тоқталып өтті.

Баяндамадан түсінгеніміздей, биылғы жылдың І жартыжылдығы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты. Инвестициялық жобаларды іске асыру, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік, инфрақұрылым және әлеуметтік саланы дамытуға назар аударылуда. Соның ішінде, өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 7 айда – 42298 миллион теңгені құрап, 430 мың тонна мұнай, 10,7 миллион текше метр ілеспе газ өндірілген. Ал, ауыл шаруашылығы саласында 6972,1 миллион теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7,6 пайызға артқан. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіп саласында ауданда статистикалық есептерге сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1543-ті құрап, 2019 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 0,2 пайызға өсіп отыр. Миялы ауылынан құны 12,5 миллион теңгеге 2 кәсіпкерлік нысан іске қосылған. Аудан бойынша жалпы ұзындығы 734,6 км автокөлік жолдары тіркеліп, Миялы ауылының ауылішілік автокөлік жолдарын (11,079 км) күрделі жөндеуге жоба дайындалып сараптамадан өткізілген. Сондай-ақ, есепті жылы 5877 шаршы метр жер учаскесі тұрғын үй құрылысына пайдалануға беріліп, Сағыз ауылына 160 жер учаскесіне инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілген. Сонымен қатар, жыл соңына дейін Мұқыр ауылына 142 жер учаскесі беру жоспарлануда. Сонымен қатар, Миялы ауылдық округінде 3 қатарлы 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына жобалық сметалық құжат дайындалып, ведомствадан тыс кешенді сараптамадан оң қорытындысы алынып, қаржы бөлінген жағдайда құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Ал, көп балалы аналарға тұрғын үй пәтерлерін сатып алу жоспарлануда. Бұған қоса, білім сапасы 2019-2020 оқу жылында 55 пайызды көрсетіп, өткен оқу жылымен салыстырғанда 1,8 пайызға артып отыр. Ал, денсаулық сақтау саласында демографиялық көрсеткіште өсім бар, 7 айда 446 сәби дүниеге келген.

Тұрғындардың жалпы аурушаңдық көрсеткіші жоғарылап тұрғанымен, әйтсе де туберкулезбен аурушаңдық төмендеген. Сондай-ақ, ұлттық бәсекеге қабілетті болу үшін цифрландыру бойынша барлық ауылдық округтердегі Beeline мобильдік байланыс жүйесі толықтай 3G-ға көтерілсе, Activ мобильдік байланыс жүйесін 3G-ға көтеру жұмыстары жүргізілсе, Миялы және Сағыз ауылдық округтерін Activ мобильдік байланыс жүйесін 4G-ға көтеру жұмыстары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, аудан бойынша жыл басынан бері 725 тұрғындар интернет желісін тарту үшін өтініш білдірсе, қазіргі таңда 310 тұрғын үйге интернет желісі тартылған. Аудан әкімінің баяндамасынан соң мінбеге көтерілген аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Зинеш Сарбуфеева: «Карантиндік шектеулерге байланысты жұмысын уақытша тоқтатқан көлік, сауда, қоғамдық тамақтандыру, қызмет көрсету сияқты кәсіпкерлік қызметтер барлық кәсіпкерлік субьектілерінің 22 пайызын құрады. Осы жылдың 7 айында ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің саны 1543-ті құрап отыр. Сонымен қатар, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 62 кәсіпкер қайтарымсыз грант қаражатын алды. Осы аталған бағдарлама бойынша мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына 4 миллион теңгеге дейін, ал кәсіпкерлікті дамытуға 6 миллион теңгеге дейін несие берілсе, облыстық бюджет арқылы «Ауылдық жердегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 7 пайызбен қаржыландыру жалғасуда.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін грант қаражаттары бағытында облыста конкурс өткізу жоспарланып отыр. Субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жерлердегі кооперативтердің жұмысын ынталандыру үшін шаралар қабылдаудың топтамасын әзірлеудің жаңа механизмдері қалыптасатын болады», - деді. Одан соң, аудандық орталық аурухана директорының емхана жөніндегі орынбасары Мадина Қанатқалиева, аудандық білім бөлімінің басшысы Өтепберген Әділов өз мәлімдемелерін жасады. Ал, аудан әкімі Н.Бисембиев: - Алдағы уақытта Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қойылған міндеттерді орындау бағытында депутаттарды, мемлекеттік қызметшілерді, басқа да билік өкілдерін, ауданымыздың барлық саналы азаматтарын осы құндылықтардың айналасында топталып, қажырлы еңбек етуге шақырамын -, деп сөзін түйіндеді.

Әйгерім БИБОЗҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521