Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық кәсіпкер арақ сатып, айыппұл төледі

Аудандық сотта Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексі 200-бабының 3-бөлігімен, азаматша А.Қ.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Қазақстан Республикасы «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заңының 9-бабына сәйкес, этил спиртінің отыз пайыздан асатын көлемдік үлесімен сағат 21:00-ден келесі күнгі 12:00-ге дейін өткізуге тыйым салынған. Іс материалдарына сай, азаматша сатып алушыға этил спиртінің 40 пайызы көлемдік үлесімен алкогольдік өнімін сағат 11.15-те сатып, алкоголь өнімін бөлшек саудадан өткізу тәртібін бұзған.

Сот қаулысымен, аталмыш заң талаптарына сай кінәлі деп танылып, оған 1 ай мерзімге алкоголь өнімін сату лицензиясының қолданысын тоқтатып, 19446 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Осы орайда, алкоголь өнімін тыйым салынған уақытта сату және жалпы кәсіпкерлік құрмай, лицензия алмай үйде отырып алкоголь сатумен айналысу заңға қайшы.

Сондықтан, заңмен белгіленген тәртіпте жауаптылықта болатындарын әр азамат біле жүрген абзал.

Б.СИСЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT