Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын 1-маусымнан бастап, 1 қыркүйекке дейін заңнамада белгіленген тәртіппен уақытша тіркеу қажет.
Осыған орай, аудан бойынша Армения Республикасынан әкелінген автокөліктері бар азаматтарға Атырау қаласындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып тіркеулеріңіз сұралады.
Сонымен қатар толық мәлімет алғыларыңыз келсе, аудандық полиция бөлімі Әкімшілік полиция бөлімшесінің әкімшілік тәжірибе тобына келіп, сұрақтарыңызды қойып кеңесуге болады.
Нүркен НҰҒМАНОВ,
АПБ бастығы полиция подполковнигі
Сурет: ашық дереккөзден