Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Аймаққа жыл басынан бері 182 қандасымыз көшіп келді

Атырау облысына биылғы жеті айда жат жерде ұрпақ өрбітіп, ата дәстүрін берік ұстанған 123 отбасы көшіп келді.

Осылайша, ата-бабасының тамыры жайылған атажұртының бір уыс топырағын аңсап жеткен 182 қандастың көңілі бір демделді.

– Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген этникалық қазақтар қандас мәртебесін алды. Оның ішінде Өзбекстан Республикасынан 114 отбасы (171 адам), Қытай Халық Республикасынан 7 отбасы (9 адам) және Ресей Федерациясынан 2 отбасы (2 адам) бар. Атырау қаласына 100 отбасы (147 адам), Жылыой ауданына 20 отбасы (32 адам), ал Мақат ауданына 3 отбасы (3 адам) қоныстануды ұйғарды, –деп хабарлады облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT