Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

1 қыркүйекте Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталады

2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу басталады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы Ерлан Ермаханбетов мәлімдеді.

c0b64434-3161-4ca5-bd9e-fcf30a5ff606

- Президенттік жастар кадр резервінің мақсаты – қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау. Белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды, - деді Ерлан Ермаханбетов.

028b0d19-2ab7-4151-ae4e-d78ebb2aa0e9

073158c9-e7f0-445b-bfa2-7c99ad39f1d5

Оның айтуынша, резервке алу үшін үміткерлер бірнеше кезеңдерден өтуі керек. Оның қатарында ситуациялық мәселелерді шешу, сарапшылық комиссияда әңгімелесу сынды кезеңдер бар. Құжаттарды қабылдау pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада онлайн режимде жүргізіледі деп жоспарлануда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521