Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенованың мәліметінше, оқушыларды мектепке дайындау үшін 10 мың өтініш түскен.
«Облыста жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді. Қазір өңірде әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың 13 мыңнан астам оқушы бар. Мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға облыстық бюджеттен 248 млн 400 мың теңге бөлінді. Қайырымдылық іс-шарасы көп балалы және аз қамтылған, сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалар алады. Бір балаға 25-35 мың теңгенің көмегі көрсетіледі», -дейді Айнагүл Дүйсекенова.