Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қайғылы жағдай қайталанбасын десек...

Иә, шын мәнінде, «Тас түскен жеріне – ауыр» демекші, жол-көлік оқиғаларынан болған кесапаттардың барлығы жолдағы асығыстық, қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болуда.

Алысқа бармай-ақ, ауыл ішінде жол-көлік оқиғаларының жиі болуының өзі қауіпті күшейтіп отыр. Әсіресе, қазір ауыл ішілік таксилердің асығыс адам тасуы, келесі бағытта келе жатқан автокөліктен бұрын үлгеріп өтемін деп қателік жасауы көп орын алуда. Ал, бұл жерде жарақат алатын қарапайым жолаушы. Сондай-ақ, қазір велосипед айдаушылар өте көп. Олардың барлығы көлік жолымен жүруге әуес. Жолдың жиегімен жүргендіктен екі-үш мәрте көлікке соғылуға сәл қалды. Демек, өз өмірімізге бей-жай қарайтынымыз айқын байқалады. Бұған қоса, тағы бір айтатын мәселе «Атырау-Миялы» бағытында жолаушы тасымалымен қатынап жүрген жеңіл автокөліктердің кейбірі жөндеу көрмеген.

Өйткені, автокөлікті жөндеуге немқұрайлы қарайды. Себебі, таңғы сағат 6:00-де Атырау қаласы бағытына бет алса, қалаға жетпей жатып, сағат 14:00-де Миялы бағытына жүретіндігін такси группаларына жарыса жазып жатады. Өзім қаламен екі ортада жүрген кезімде орта жолда автокөлік дөңгелегін ауыстыру және тағы да басқа жөндеу жұмыстары үшін тоқтап жатқан такси жүргізушілерін талай көрдім. Әрине, адамның еңбек еткенін қолдайтын қарттардың бірімін. Десек те, сол көлікке отырған әрбір жолаушының өмірі де жүргізушінің мойнында екенін ұмытпаған абзал. Ендеше, кез келген қайғылы жағдайлар қайталанбасын десек, сақтық, қауіпсіздік ережелерін естен шығармай, өз өмірімізге жауапты болайық!

Ардақ НАЗАР

(Аты-жөні өзгертілді)

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521