Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Шөп бағасы неге қымбат?

Аудан халқының төрт түлік малмен күнелтіп отырғаны бәрімізге белгілі.

Десек те, осы малдың азығына келгенде «Ақ ұрып» отыратынымыз тағы бар. «Қыстың қамын жаз ойла» дейтін халықпыз. Биылғы жазда жауынның аз болуы, күннің қатты ыстық болуы шөптің шығуына кедергі келтірді. Енді міне, күзде табалдырығымыздан аттап, қыстың ызғары да байқалғандай. Осы орайда, «Шөптің бағасы неге қымбат?» деген сауал көкейде сайрап тұр. Осыдан бір-екі жыл бұрын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері көбірек ұйымдастырылып, шөп бағаларының тұрақтылығы қадағаланатын.

Тіпті, 2018 жылы әкімшілікте арнайы шөп науқанына қатысты жиналыс өтіп, ауданымыздың аумағындағы және Ойл ауданынан келетін шөптердің барлығын басқа аудандарға өтпеуін сұрап, бағаны тұрақтандырғанбыз. Биылғы жылы бұл үрдіс жоқ. Қазір 1 орамашөп (рулон) 5000 теңге, 1 түк 350-400 теңге болып, бағасы шарықтап тұр. Мәселен, осыдан 2-3 күн бұрын Құлсары қаласындағы таныстарым хабарласып, біздің ауданнан келген шөп бағасының 9 мың теңге болып тұрғанын жеткізді. Міне, осындай бағаны естіген шөпшілердің сол жаққа ағылмауына кім кепіл? Әрине, ол жерде адал еңбек жатқанын түсінеміз. Бірақ та халықтың күнелтіп отырған аз ғана малына арзанырақ және бір келкі бағада сатылса нұр үстіне нұр болар еді.

Қазіргі еліміздегі ахуалға барлығымыз қанықпыз. Яғни, әртүрлі ауысымдық жұмыстардағы ер азаматтардың қызметі қысқарып, көбі жұмыссыз отыр. Бұл жағдаймен де санасуымыз қажет. Дәл қазір, шөпшілерге керек шөбімізді алдын ала тапсырыс беріп, ол қай айда әкеледі екен деп күтіп отырмыз. Осындай ұзақ күту мен бағаны тұрақты ретке келтіру үшін басқа аудандарға шөптердің сатылмауын қадағалау керек.

Жаңбырбай АҚТАЕВ,

Миялы ауылының тұрғыны

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521