Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

АДАМГЕРШІЛІКТІҢ АҚ ТУЫН КӨТЕРГЕН ЕРІКТІЛЕР

Сурет ашық дереккөзден

Ерікті (волонтер) – латынның «voluntarius» сөзіне шыққан, яғни, адамның өз еркімен, өзінің есебі арқылы қоғамдық жұмыстарға белсенді араласушы.

Өз кезегінде, мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайту бағытында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен 2023 жылы «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы құрылған болатын.

Еріктілер кеңесі – мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қозғалысын үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ерікті бастамаларын және осы саладағы заңнама талаптарының үйлесімдігін қамтамасыз етеді.

Осы тұста, Еріктілер кеңесімен 2025 жылдың қаңтар айынан бастап көптеген іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, «Жасыл әлем» шарасы аясында терек отырғызу,
тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, өңірімізде орналасқан ескерткіштердің келбетін түзету, орнатылған аумағын тазалау  мақсатында Атырау облысының орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі және жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметшілері Департаментпен бірлесе отырып, «Asyl Mura» атты Еріктілер кеңесінің жобасы жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер қарттар үйлеріне, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жалғызбасты қарт адамдарға, көпбалалы аналарға, әлеуметтік осал топ санатының отбасыларына, қоршаған ортаны сақтауға, экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған «Taza alem»,  «Мейірімді дос»,  «Qamqor» жобаларды және өзге де ерікті қызметтерді жүзеге асырып келеді.

Бұдан бөлек, адамның асыл қасиеттерінің бірі – қайырымдылықпен айналысатын, өздерінің мұндай іс-әрекеттерін жасырын сақтап, жария етуден тартынған көптеген қатардағы мемлекеттік қызметшілер де аз емес.

Олар аталған көмектерін ізгіліктің айқын көрінісі ретінде пайымдайтындарын жеткізді.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT