Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов және өкілдік қызметкерлері Атырау гуманитарлық колледжі ұжымымен кездесті.
Шараның негізгі мақсаты – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан – Адал Азамат» Концепиясының негізгі қағидаларын түсіндіру.
Мемлекет басшысының айтуы бойынша, еліміздің одан әрі прогрестивті түрде дамуы үшін халқымыздың ой-өрісі, іс-қимылы мен әрекеттері де сондай озық принциптерге сай болуы тиіс.
Сондықтан жастар арасында жеңіске жетудің маңызды шарттары - ол адал еңбек пен аға буын аға-апаларымыздың өмірлік тәжірибесі.
Ал бала, жастар тәрбиесіне келгенде, болашақ ұрпақты елге қызмет ететіндей және қоғамға пайдасы тиетіндей өсіру жайлы «Адал азамат» Концепциясының арнайы төртінші бағытында айтылған.
Колледж директоры Айжан Қарабаева ұжымның тыныс-тіршілігімен таныстыра отырып, жоғарыда айтылған мәселелерге оқу процесінде басты көңіл бөлінетіндігін жеткізді.
Сонымен бірге кездесу барысында А.Абдолов, С.Төлегенова зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы заңға түсінік беріп, Адам құқықтары жөніндегі өкілетіктің қызметі мен құзыреті жайлы айтып берді.