Лингвистикалық комиссия өкілдері Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлердің мемлекеттік тілден тапсырған емтиханының қорытындысын жариялады.
Комиссия төрағасы Әділ Ахметовтың айтуынша емтихан әділдік пен шынайылықты сақтай отырып, тең құқылы негізде жүзеге асты. Кандидаттардың емтиханға дайындалуына, комиссия алдында жауап беруіне қажетті жағдай толық жасалды. Құжат тапсырған 12 кандидаттың 8-і мемлекеттік тіл сынағынан өтіп, барлығы қазақ тілін еркін меңгергенін растады. Емтиханнан сәтті өткен кандидаттар 21 қазанға дейін әрқайсысы 118 мың адамның қолын жинап, орталық сайлау комиссиясына тапсыруы керек. содан кейін үгіт-насихат кезеңі басталады.
Өз тілшіміз