Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

2021 жылғы ең төменгі жалақы мен зейнетақы және АЕК мөлшері жарияланды

Еліміздің Қаржы министрлігі «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңының жобасын әзірледі. Заң жобасы «ашық үкімет» порталында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:

жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 18 524 теңге;

зейнетақының ең төмен мөлшерi – 42 272 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917 теңге;

базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 34 302 теңге болып белгiленсiн», - делінген заң жобасында.

Дереккөз: Inform.kz 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT