Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

19 наурыз күні Атырауда қоғамдық көлік тегін қатынайды

Өңірде Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы күні қала және қала маңындағы қоғамдық көліктер тегін қатынайды. Бұл туралы «Smart Atyrau» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Арслан Аронов мәлім етті,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қоғамдық көлік жұмыс кестесіне сәйкес сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жолаушыларға қызмет көрсетеді. Ал 20 наурыздан бастап қайтадан штаттық режимде жұмыс істейді.

-Бүгінде қалада 5 автопарк жұмыс жасайды. Жалпы 31 бағытта 244 автобус жолаушыларды тасымалдайды. Олардың 16-сы қала ішінде қозғалатын болса, қалғаны қала маңындағы жолаушыларды тасымалдайды. Ал, 19 наурыз күні 150-ден астам автобус қала тұрғындарын діттеген жеріне тегін жеткізетін болады,- деді А.Аронов.

Сондай-ақ оның айтуынша, 22 наурыз күні де Наурыз мерекесіне орай қала және қала маңында қозғалатын қоғамдық көліктермен қатынау тегін болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521