Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жылжымалы кітапхана – ауруханада

Халық даналығында «Денсаулық ауадан аумайды, барында кім оны аңдайды» деп айтылғандай еліміздің экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілуі үшін халықтың рухани бай болуы, денсаулықтың дұрыс болуы қажет.

Сондықтан саламатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын жүргізу біздің парызымыз. Сол себепті де аудандық орталық кітапхана қорынан жаңа әдебиеттер мен медициналық әдебиеттер және газет-журналдармен жасақталған «Денсаулық – зор байлық» тақырыбындағы кітап көрмесі аудандық орталық аурухана фойесіне апарылып, жалпы көрермен назарына ұсынылды. Кітап көрмесін тоқсанға жуық адам тамашалады. Көпшіліктің кітапқа деген ынтасы зор екендігін байқадық. Өйткені, кейбірі көптеген кітапты сол жерден өз аттарына жаздырып үйлерінен оқуға алды. Иә, шындығында күнделікті тіршілікте жұмыстан қолы тие бермейтін, кітап оқуға ынтасы болса да, кітапханаға келуге мүмкіндігі бола бермейтін көпшілік үшін кітапхана қызметкерлері жылжымалы кітапхана жұмысы бағытында алдағы уақытта да барлық мекемелерге ұйымдастыруды қолға алып отыр.

Гүлжан АЙСАҒАЛИЕВА,

Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT