Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАС БИШІЛЕР ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Сейсенбі күні «Арман» мәдениет үйінде «Жұлдыз-ай» үлгілі би ұжымы мен «Ойыл аруы» бишілер тобының есептік концерті өтті.

Жастар жылына орай ұйымдастырылған шарада Сәнімгүл Басанбаева мен жас маман Лизия Оқас жетекшілік ететін жас бишілер өз өнерлерін ортаға салды. Концерттік бағдарламаның өту форматы да өз алдына ерекше болды. Сахнаға би падишасы уәзірімен бірге көрініс көрсету арқылы ұжымның жеткен жетістіктерін айтып, өз кезегінде мың бұралған бишілерді сахна төріне шақырды.

Кеш барысында «Жұлдыз-ай» үлгілі би ұжымы мен «Ойыл аруы» бишілер тобы «Балапан», «Қазақ би» «Баю, баю», «Әлқиса», секілді қазақтың ұлттық билерінен басқа орыс, өзбек ұлтының билері мен заманауи билерді мың бұрала билеп, көрермендер назарына ұсынды.

Сондай-ақ, шарада Бисұлтан Мұхтаров, Аманқос Нұржан, Жұмагелді Әділ сынды «Арман» мәдениет үйінің әншілері әннен шашу шашты. Кеш соңында аталмыш мәдениет үйінің директоры Кенжебек Бисенбаев қос би ұжымының өнеріне ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.

Нұрәділ БИЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT