Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«ӨНЕРІМ МЕНІҢ - ӨМІРІМ»

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілгендей өз жерімізде туған өнерлі жандардың шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында жақында Роза Бүркіттің «Өнерім менің-өмірім» атты ән кеші өтті.

«Арман» мәдениет үйінде ұйымдастырылған кеште алдымен жезтаңдай әнші, термеші, облыстық, аудандық байқаулардың лауреаты, мәдениет майталманының өмірбаяны таныстырылды.

Шарада Розаның орындауында Мұхиттың «Қара қаншық» К.Жолаевтың «Қарабау қара шаңырақ», Е.Хасанғалиевтың «Айналдым елім», Т.Серіковтің «Айналдым», З.Көпбосыновтың «Көңіл толқуы», С.Әлібектің «Ана» әндерімен бірге «Шымыр», «Дүние-ай» секілді халық әндері шырқалды. Сонымен бірге, шарада Розаның шәкірті, жезтаңдай әнші Ләззат Тастаева «Жайнай бер жастар жаңаша» әнін, Дастан Саркенже «Дайдидау» әнін, өнердегі құрбысы Балжан Мизамқызы Қ.Құрманәлінің «Қиялдағы қалқа» әнін кеш иесімен қосыла орындады.

Көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған әсерлі кешті әнші Роза Оразқызы К.Жолаевтың сөзіне жазылған С.Құлмағамбетовтың «Өсе бер, өркендеп Қызылқоға» әнімен қорытындылады.

Әсел ТАУШАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз