Жасқайраттық Жаймағанбетовтер онлайн концерт берді

Халық рухани азықсыз қалмайтын да түрі бар. Өйткені, қазіргі қиын қыстау кезеңде аудандағы белгілі біраз өнер иелері онлайн концерт беріп, елдің рухын көтеріп, қолдау көрсетуде.

Осы орайда, дүйсенбі күні Жасқайрат ауылдық округіне қарасты «Шалқыма» мәдениет үйі жанынан құрылған Жаймағанбетовтар отбасылық ансамблі, өздерінің концерттік бағдарламасын онлайн түрде халыққа ұсынды. Концерт шымылдығы Әсет Бейсеуовтің «Ауылдың адамдары-ай» әнімен ашылып, одан әрі Медет Салықовтың «Аққу арман», Нұрғиса Тілендиевтің «Сағындым» әнімен қоса, әке-аналарымызға, ауылдастарға арналған көптеген әндер де шырқалып, күмбірлеген домбыра да тартылды. Сондай-ақ, Аружан Қуатқызы «Абай Құнанбаевтың туғанына-175» жыл толуына орай ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін мәнерлеп оқып, халық назарына ұсынды.

u

Осылайша, елімізде болып жатқан қиын кезенде халықпен бірге болып, көңілдерін көтеру мақсатында ұсынған концертіміздің соңын трионың орындауындағы егеменді елімізге арналған «Егеменді Қазақстан» әнімен аяқтадық. Ендеше, аудан халқын, жалпы халықты сабырлыққа шақырып, еліміз тыныш, балалардың болашағы жарқын болсын! Және де бізге дейін өнер көрсеткен, бізден кейінде өнерлерін жалғастыратын өнер иелеріне сәттілік тілеймін!-деген тілегін білдірген аталмыш ансамбль жетекшісі Қуат Жаймағанбетовке өнерлеріңіз үстем болсын, халықпен бірге болудан жаңылмаңыздар деп тілеп, сәттілік тіледік.

Айымгүл ЖАЛҒАСҚЫЗЫ

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21