Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сағыздық мың бұралған "Айдана-ай"

«Шұғыла» мәдениет үйінің жанынан құрылған үлгілі «Айданай» би ұжымы бірнеше мәрте жетістіктерге қол жеткізіп жүргендері туралы айтылып та, жазылып та жүр. 

Міне, тағы да би ұжымының орындаған шығармаларын әлеуметтік желіде онлайн түрінде тамашаладық. Үйде отырып-ақ, қашықтықтан өнер көрсеткен тал шыбықтай бұралған бишілерді көріп, мына әлемде не боп жатқанын бір сәтке ұмытып, рухани демалып, бір серпіліп қалғандаймыз. Бишілер: А.Төлеубай, А.Кәдірғали, А.Жаскайратқызы, Н.Жұмалардың заманауи билері би әлемінің тұңғиық тылсым сырлары шексіз екенін білдіртсе, ағайынды Қайыржановалардың орындауындағы «Үнді» биі мен Ш.Орынбасардың «Испан» биін көре отырып, еріксіз риза боласың.

Би - нәзік құбылыс, сол құбылысты жүрегіңмен сезініп, қимыл әрекеттерін музыкамен байланыстыра білу де үлкен жауапкершілікті білдіреді. Олай болса, би әлеміне бірге саяхат жасап, үйде қауіпсіздік шараларын сақтай отыра, жанұямыздың саулығын, еліміздің амандығын тілеп, ғаламтор арқылы «Айданай» би ұжымының өнерін тамашаласаңыз, еш өкінбейсіз!

Сайран БОРАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз