Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Шалқарбай бірінші орын иегері

Өткен аптада Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» тақырыбында облыстық айтыс өтті.

Қазақстан Жазушылар Одағы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен айтысқа ауданымыздан Шалқарбай Ізбасаров, Әнуарбек Садықов, Бимырза Әбілқайыр, Мадияр Бекентай, Батыржан Қадірбайлар қатысты. Тартысты өткен сөз додасының нәтижесінде индерлік Жәнібек Садыров бас жүлдені жеңіп алса, жерлестер арасынан Шалқарбай Ізбасаров бірінші орынға ие болды. Екінші орынды махамбеттік Серік Қойшығұлов, аққыстаулық Амангелді Панабердиев, үшінші орынды атыраулық Фариза Жетпісбай, Алшынбек Мұқанғалиев және Өнербек Дәулекеновтер иеленді.

Енді жүлдеге ие болған ақындар ішінен төрт ақын 22 наурызда Атырауда өтетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық айтыста облыс намысын қорғайтын болады.

Ендеше, облыстық іріктеуде іркілмей өткен Шалқарбайға сәттілік тілейміз.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз