Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

САПАРМҰРАТ – БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ

Дүйсенбі күні аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне орай «Арман» мәдениет үйінде жас домбырашылар байқауы өтті.

Байқаудың шарты бойынша үміткерлер күй атасы Құрманғазының бір күйі мен еркін тақырыпта, яғни бүгінгі күні танылмай жүрген күйлердің бірін орындауы тиіс. Қазақ халқының мол мұрасы күй өнерін кейінгі ұрпаққа жеткізу, жас домбырашылардың талантын шыңдау, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында өткен сайысқа Сағыз, Миялы, Көздіғара, Тасшағыл, Жамбыл ауылдық округтерінен қатысқан ресми атақтары жоқ тоғыз үміткер жас ерекшеліктеріне орай екі топқа бөлініп бақтарын сынады. Нәтижесінде, Құрманғазының «Теріс қақпайы» мен Қ.Ахмедияровтың «Имаш Байжұма» күйін күмбірлете шерткен миялылық Сапармұрат Нұрбай бас жүлдені жеңіп алса, 14-18 жас аралығындағы сайыста Сағыз ауылдық округінен қатысушы Данагүл Шанықұл І орынды, миялылық Бекет Сағынай ІІ орынды, көздіғаралық Еркебұлан Абатов ІІІ орынды иеленді. Ал, 19-29 жас аралығында байқауға қатысқан күйшілердің арасында Құрманғазының «Төремұрат» күйі мен Қазанғаптың «Тор жорғаның бөгелек қағуы» күйін тартқан сағыздық Кеңес Абдолла І орынды жеңіп алса, миялылық Айхан Тұрсынғали мен Райымбек Бағыт екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті.

i

Жеңімпаз-жүлдегерлер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің атынан арнайы дипломдармен марапатталды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT