Қоныстану балалар өнер мектебінің 20 оқушысы «Айгөлек» атты Республикалық байқауға қатысып, жүлделі орындарды қанжығалап қайтты.
Ақтөбе қаласында «Platon» Халықаралық білім дамыту орталығы ұйымдастырған байқаудың мақсаты – дарынды оқушыларды қолдап, шығармашылығын арттыруды көздейді. Талапкерлер домбыра, прима қобыз, қылқобыз, дәстүрлі ән көркемсөз, сырнай, вокал, ансамбль, хореграфия номинациялары бойынша бақ сынады. Бұл жас ұрпақты қосымша біліммен сусындатып, эстетикалық талғамы мен танымын кеңейтудегі мектеп мұғалімдерінің ізденісінің жемісі.