Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өнер фестивалі жалғасуда

Өткен аптаның сәрсенбісі күні «Арман» мәдениет үйінде Қызылқоға ауданының 75 жылдығына орай ұйымдастырылған «Өнерімен өркендеген Қызылқоға» атты мекемеаралық өнер фестивалі өз жалғасын тапты.

Онда аудандық жастар ресурстық орталығы, аудандық «Қызылқоға» газетінің редакциясы, Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясы ұжымдары концерттік бағдарламасын ұсынып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сахна шымылдығын А.Қоразбаевтың «Елге сәлем» әнімен Гүлфайрус Қуанышева ашса, жергілікті ақын Қ.Ізекеновтің «Миялының сәулеті» өлеңін Сандуғаш Маратқызы, «Туған жер» әнін Сандуғаш Мергенғалиева, Ә.Темірхановтың «Туған өлкем - Қызылқоғам» әнін Қайрат Сағиев, Қ.Құлмағамбетовтің «Топырағыңнан айналдым, Қызылқоғам» әнін Ақерке Сүлейменова мен Қайсар Аққожиевтер шырқады. Ал, әжелер ансамблі халық әні «Дедімай-ауды» орындаса, Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясы Зейнолла Қабдоловтың «Жамал» шығармасынан сахналық қойылым ұсынды. Бұл кеште ән де айтылып, би де биленді. Әсіресе, өнерлі жастардың орындауындағы «Ретро», «Флеш-моб» билері көрермен қошеметіне бөленді.

Сондай-ақ. Газетіміздің тілшісі Дулат Ғубайдуллин ауданның 75 жылдығына арналған туындысын оқыса, арнау өлеңді Руслан Қабдолов пен Қайсар Аққожиевтар шырқады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT