Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Этнос жастары Абайды сөйлетті

Биылғы жыл ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойымен ерекше. Осы атаулы датаны ұлығылау мақсатында 1 шілде күні Атырау облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай этнос жастары арасында «Абай оқулары» облыстық байқауы өткізілді.

Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, сөздік қорын Абай шығармашылығы арқылы насихаттай отырып, қазақ мәдениетіне, әдебиетіне деген этнос өкілдерінің қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген байқауға аудан атынан беларусь ұлтының өкілі Стомма Райгүл Александрқызы қатысты.

Байқау шарттарына сай, Абайдың прозалық, поэзиялық шығармаларын жатқа мәнерлеп оқудан, халық әндері мен Абай әндерін айту және «Абайдың тілі – адамзаттың рухани қазынасы» тақырыбында бейнеролик (үй тапсырмасын) дайындап, қорғау ережелерінен сынға түсті. Нәтижесінде, Райгүл Стомма 2 орынмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Аудан мерейін үстем еткен Райгүл Александрқызына әлі де толағай табыстар тілейміз.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз