Жақында Атырау облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай " Текті сөздің төресі — терме" атты жыршы-термешілер арасында байқау өткен болатын.
Аталған байқауда ауданның талантты өнерпаздары атынан өнер көрсеткен Қаракөл мәдениет үйінің қызметкері, термеші Есен Сағынбайұлы өзге үміткерлерден оза шауып Бас жүлдеге ие болды.
Еске салсақ, былтырғы жылы дəл осы термешілер сынында үздік өнерімен көзге түскен ауданымыздың жас термешісі Кенесары Мизамов Бас жүлдені жеңіп алған еді.
Осылайша, Ұттық құндылығымыздың ұлылығын ұлықтаған термешілер байқауынан тағы бір бас жүлде иеленген Есенге аудан мәртебесін биіктетер ұлттық өнерді дәріптеуде үлкен жетістіктер тілей отырып, толағай табыс тілейміз.
А.ЖАЛҒАСҚЫЗЫ