Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Омар Жәлел аудан халқымен кездесті

Дүйсенбі күні Қызылқоға ауданы Миялы ауылындағы «Арман» мәдениет үйінде Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Абайтанушы, дінтанушы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Харекет» және «Жақсы» кітаптарының авторы Омар Жәлелмен кездесу кеші өтті.

Шараға бөлім, мекеме басшылары, кәсіпкерлермен бірге Сағыз, Ойыл ауылдық округтерінің де тұрғындары қатысты. Қоғамдық лекция негізінде өткен кездесуде кеш қонағы Абай ілімін насихаттау, отбасы құндылығын сақтау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытында орамды ойлар айтып, артынша көрермендердің жастар тәрбиесі, мамандық таңдау, дін ұстану, отбасындағы ер мен әйелдің орны жайлы қойған сұрақтарына жан-жақты жауап берілді.

Аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов кездесу кешін қорытындылап, салмақты да салихалы әңгімесі үшін кеш қонағына алғыс айтса, «Бәйтерек» мешітінің жамағаты естелік сыйлық табыс етті.

Осы орайда, аудан халқына рухани кеш сыйлаған Омар Жәлел жеке кәсіпкер Қайырбек Баймұратовтың шақыртуымен келгендігін айта кеткен жөн.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз