Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ардагерлер салған ән қандай?

Ауданда Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар аталып өтуде.

Соның бір айғағы – «Арман» мәдениет үйінде өткен «Ардагерлер әуендері» атты аудан ардагерлерінің өнер фестивалі. «Ойыл аруы» бишілер тобының «Бипыл» биімен ашылған концертте «Алтын алқа» иегері Күләш Әбдіғалиева «Саржайлау», Қазақ соқырлар қоғамының мүшесі Света Жолымбетова «Жақсы адамдар» әндерін шырқаса, Жалғас Озғанбаев пен Құспан Ермұханов күмбірлете күй төкті. Ал, мәдениет саласының үздігі Жәния Ізбасқан көркем сөз оқып, көрермендерді бір тебірентіп жіберді. Өз кезегінде сахнаға көтерілген «Ғасыр сазгері» Қалидолла Ізекен «Алтын бесік» атты авторлық әнін тамылжыта шырқаса, Ұлдаш Құлшықова соғыс жылдарындағы әндерден попури айтты.

88107009_852035881930694_8048780721432559616_o

Сондай-ақ, әуезді кеш барысында Иғали Ізтұрғанов, Құрақбай Нығметов, Мереке Шерниязова,Төлеген Жұбауовтармен бірге «Асыл әжелер» «Халықтық» ансамблі де ерекше өнерімен көзге түсіп, көрермен қошеметіне бөленді. Өнер фестивалін ардагерлер хоры Е. Хасанғалиевтың «Атамекен» әнімен қорытындылады.

Кеш соңында аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев қатысушыларға алғысын білдіріп, ықылас гүлін табыс етті.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT