Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ӨНЕРЛІ БАЛҒЫНДАР ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Жақында Миялы балалар өнер мектебінің оқушылары Алматы қаласында өткен  халықаралық балалар және жасөспірімдер арасындағы шығармашылық, көпжанрлы «Super Talent» байқауына қатысып қайтты. Вокал және хореография жанрлары бойынша бақ сынаған өнерлі балғындар олжалы оралды. 

Атап айтсақ, «Хореография жанры бойынша «Айжан-ай» кіші топ бишілері «Тойбастар» биін нақышына келтіре билеп, Гран-при иегері атанды. Ал, осындай жетістікке жетуге елімізге танымал хореограф Айжан Досқалиева жетекшілік ететін топ бишілері Аймерей Ерболқызы, Дария Мақсот, Айару Амангелді, Іңкәр Оңайбай, Айсезім Мұханова, Аниса Азаматқызы, Асылай Елеуханқызы, Нұрай Мирлан, Нұрай Асқарқызы, Айкөркем Балтабайлар еселі еңбек сіңірді. Сондай-ақ, жеке орындауда «Құс қанат» биімен Аймерей Ерболқызының да бас жүлдеге ие болуы көңілдегі қуаныш сезімін одан әрі шарықтатты.  
Ал, вокал жанры бойынша жезтаңдай әнші Ләззат Тастаева үкілеген «До-ми-соль-до» ансамблі «Аист на крише» әнін орындап Гран-Приге қол жеткізсе, жеке орындауда Аймерей Ерболқызы «Маленькая страна» әнімен ІІ орынға ие болды. «До-ми-соль-до» ансамблі құрамында Ертай Төлеубай, Дінмұхаммед Жолдас, Музафар Мұхтар, Сағындық Ерболұлы, Ақниет Мұрат, Аймерей Ерболқызы бар. Ендеше, Алатаудың баурайынан бір емес, үш бас жүлдені қанжығалап қайтқан өнерлі өнерпаздарға қандай  мақтау айтсақ та жарасымды емес пе?! 

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT