Таяуда Астана қаласында «ТАҚИЯ FEST» өнерлі аналар республикалық қолөнер фестивалі болып өтті. Оған аудан атынан «Арман» мәдениет үйі жанындағы қолөнер үйірмесінің жетекшісі Балжан Мақы қатысып қайтты.
- Президент мұражайында өткен фестивалге өнерлі аналар жиналды. Мақсат - ұлтымыздың қол өнерін кейінгі ұрпаққа дәріптеу. Аты айтып тұрғандай республика бойынша он саусағынан өнері тамып тұрған небір хас шеберлер жиналған үлкен додаға қатысу мен үшін ерекше сабақ болды. Бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, өз қолымыздан шыққан дүниелерді көріп таң-тамаша болдық. Өте керемет, жоғары деңгейде ұйымдастырылды, – дейді Балжан Мақы.
Осынау фестивальде ол «Ең үздік админ» атағына ие болды. Ендеше, аудан абыройын асқақтатып оралған қолөнерші Балжанның сырлы саусақтан тамған өнеріне сәттілік тілейміз.
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА