Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өнерлі балғындар жүлдесі

Жақында дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсетіп, оның ішінде ән-би, бейнелеу өнері арқылы ұлттық өнерімізді құрметтеуге ықпал ету, өнерлі балалардың есімдерін көпшілікке насихаттау мақсатында «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының қолдауымен дәстүрлі «АҚБӨБЕК-V» Халықаралық өнер фестивалі өтті.

Оған Ресейдің Оренбург қаласынан, Өзбекстан мен еліміздің түкпір-түкпірінен өнерлі балғындар қатысып, бақтарын сынады.

Аталған байқауға А.Өміров атындағы балалар саз мектебінің оқушылары да қатысып, жүлделі орындарға ие болып қайтты. Айталық, домбыра аспабы бойынша орындаушылық шеберлігімен көзге түскен Оңайша Қуандық І орынға ие болып, «Ақбөбек» Білім беру орталығы жанындағы жазғы демалыс лагеріне жолдама ұтып алды. Ал, би номинациясы бойынша «Сағыз маржандары» би тобы классикалық би жанрында өнер көрсетіп, ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, фортепиано аспабын меңгеріп жүрген төртінші сынып оқушылары Берекет Ділдә мен Баянқұл Әйгерім дипломант атанса, оқушылардың жетекшілері Әлия Мекебаева, Баршагүл Мәлікова және Алтынай Кәдіровалар Алғыс хатпен марапатталды.

Ендеше, халықаралық байқаудан жүлделі қайтқан өнерлі балғындар мен талапшыл ұстаздарға биік белестерді бағындыра беріңдер деп тілек білдіреміз.

Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT