Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өнерлі бүлдіршіндер өрге жүзді

Әлбетте, өнерлі бүлдіршіндердің шеберлігін шыңдап, таланттылардың қанатын қатайтуда А.Өміров атындағы балалар саз мектебінің ұстаздары мен шәкірттерінің жетістіктері орасан.

Соның бір айғағындай, таяуда Атырау қаласында өткен І халықаралық «Ақ сәулелі алтын таң!» фестиваль-конкурсына қатысқан аталмыш саз мектебінің фортепиано бөлімінің 3-сынып оқушысы Ақнұр Кенжебек ІІІ орынды иеленіп, жетекшісі Алтынай Кәдірова лауреат дайындағаны үшін арнайы дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, Ақтөбе қаласында Ақтөбе облыстық әкімдігі, облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Бақытты бала» жобасы аясында жасөспірімдер мен жастар арасында талабы мен таланты, бағы мен бабы қатар жүретін дарынды балалардың мәдени кеңістігін қалыптастыру мақсатында І республикалық «Күй қанаты» атты күйшілер мен ұлттық ансамбль, оркестрлер байқауы болып өтті. Оған төрт облыстан және Ақтөбе қаласының жасөспірім күйшілері мен ұжымдары қатысты. Оның ішінде, А.Өміров атындағы балалар саз мектебінің оқушылары да өз бақтарын сынады. Нәтижесінде, орта топ домбырашыларымен сынға түскен Дастан Самат ІІІ орынды иеленсе, ересек топтан қатысқан Қуандық Оңайша Алғыс хатқа ие болды. Сондай-ақ, Ақтөбе облыстық әкімдігі мен облыстық білім басқармасы байқауға қатысқан ұжым, жеке орындаушылар жетекшілері мен мектеп директорларына Алғыс хат табыс етті.

Нұрсәуле СҮЛЕЙМЕН.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT