Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Музейдегі бұрыш

Саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Саяси қуғын-сүргін құрбандары жадымызда» тақырыбында бұрыш жасақталды.

Қуғын-сүргіннің құрбаны болған жерлестеріміз Халел Досмұхамедұлы, Қойшыбай Есенбаев, Тілеген Әубәкіров, Қазалы Тасжанов, Қарабаллин Ғабдолкәрімдердің өмір деректері мен фотосуреттері, газет бетінен жарық көрген мақалалар, жинақтап басылған кітаптары қойылған. Музей маманы Гүлмайра Дауылбаеваның айтуынша, өткен ғасырдағы бұл зұлматтың себептері туралы аз жазылған жоқ. Десек те, музей қызметкерлері кейінгі жас ұрпаққа өткен тарихты тағылымдап, елдің басына келген нәубеттің зардабын көрген бабалардың өмірі мен мүддесі қандай болғанын жіті ұғындыру мақсатында жасақталған бұрышпен таныстырды. Айта кетер болсақ, саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасында Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталған. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылып қана қоймай, түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Қазақтың бас көтерген зиялыларынан бастап, қарапайым еңбек адамдары да жазықсыз саясаттың құрбанына айналды. Соқыр саясаттың ықпалымен 118 мың адам жазықсыз тұтқындалып оның 25 мыңы атылған.

Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT