Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Абай оқуларының жеңімпазы анықталды

Бейсенбі күні «Арман» мәдениет үйінде өткен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқудан аудандық байқауға жеті үміткер қатысты.

Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, ұлы Абайдың шығармаларын насихаттауды жандандыру, тіл мәдениетін көтере отырып, талантты жастарды анықтау. Сайысқа ауылдық оқругтердегі 17-29 жас аралығындағы жеті үміткер қатысты.

Байқау шартына сәйкес үміткерлер ақын Абайдың білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасы мен қара сөзін жатқа оқу, «Абай жолы» роман-эпопиясынан үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа айтудан тартысқа түсті. Байқау тапсырмалары бойынша Абайдың «Әуелде бір суық мұз – ақыз зерек» атты өлеңін, он жетінші қара сөзін және «Абай жолы» романының І томынан үзіндіні жатқа, әрі мәнерлеп оқыған сағыздық Индира Зейнолла бас жүлдені жеңіп алып, алдағы уақытта өтетін облыстық байқауға жолдама алды. Ал, бірінші орынды тайсойғандық Мөлдір Бекетқызы иеленсе, екінші орынды Көздіғара ауылдық округінен қатысушы Ғаламат Тел еншіледі. Жеңімпаздарға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT