Мәдениет қызметкерлері марапатталды

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Арман» мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.

Оған аудандағы барлық мәдениет үйлерінің өнерпаздары мен кітапханашылар қатысты. Шара барысында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне дайындалған бейнекөрініс көрсетілді. Одан соң, сахнаға құттықтау және марапаттау үшін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асқар Ақтаев көтеріліп, ақжарма тілегін арнады.  Ол облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатымен Жамансор ауылдық кітапханасының кітапханашысы Айгүл Жаумитова, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының Алғыс хатымен Мұқыр ауылдық клубының көркемдік жетекшісі Бақтыбай Досбосынов, Миялы балалар өнер мектебінің директоры Дана Маделбекова, Миялы балалар өнер мектебінің  оқу ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Тастаеваларды марапаттады. Одан соң, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің іс қағаз жүргізушісі Жансұлу Зиманова, «Арман» мәдениет үйінің қызметкері Жарқын Нәбиева, Жантерек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Гүлзада Қашқынбаевалар аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды. Ал, облыстық ғылыми әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы басшысының Алғыс хатын «Ақжелең» фольклорлық ансамблінің сүймелдеушісі Балжан Мақы, «Жангелдин» мәдениет үйінің әдіскері Мария Жұмашева, «Самал» мәдениет үйінің директоры Марина Ерекенова, «Қаракөл» мәдениет үйінің қызметкері Есен Құрмашев, «Еспай» мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Дастан Саркенжелер иеленді.

Сонымен қатар, аудан мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосқан еңбек ардагерлері арнайы қонақ ретінде шақырылып, мерекелік сый-сияпаттар тарту етілді. Осы орайда, мәдениет саласының қайраткері Жәния Ізбасқан мәдениет қызметкерлеріне, ардагерлерге игі тілегін жолдады. Мерекелік кеш соңы, әдемі ән кешіне ұласты.

6c2b3caf-eef6-47cf-bcb4-cf98cdbefbc7

Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы директорының «Алғыс хатымен марапатталғандар

Ләйләгүл Махан – Көздіғара ауылдық кітапханасының кітапханашысы

Айнаш Сүлеймен – Жамбыл ауылдық кітапханасының кітапханашысы

Рысгүл Мырзағалиева – Қаттыкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы

Зәмзәгүл Қойшыбаева – Тайсойған ауылдық кітапханасының кітапханашысы

Ақшолпан Жарылғасынова – Мұқыр ауылдық кітапханасының кітапханашысы

 

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының Алғыс хатымен марапатталғандар

Райымбек Бағыт – Миялы балалар өнер мектебінің домбыра пәні мұғалімі

Айгерім Тасжанова – аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас есепшісі

Аяулым Мырзабек – аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкері

Бексұлтан Жақсығали – аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкері

Тұрар Көбейсінов – «Арман» мәдениет үйінің маман бағдарлама әзірлеушісі

Заманбек Абзалұлы - «Арман» мәдениет үйінің қызметкері

Жайнагүл Ермағанбетова -  «Арман» мәдениет үйінің қызметкері

Гүлдария Құлманова – «Арман» мәдениет үйінің қызметкері

Айсана Каримова – «Еспай» мәдениет үйінің әдіскері

Гүлфайруз Жалжанова – Бүйрек ауылдық кітапханасының кітапханашысы

Ләтипа Тналиева – Қоныстану ауылдық кітапханасының кітапханашысы

6d1cb3a9-c1dc-42b0-8def-7b955af09223

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының Алғыс хатымен марапатталғандар

Гүлдана Лукбанова – аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы

Кенжегүл Шукенова – аудандық орталық кітапхана қызметкері

Ағибаш Демешова – аудандық орталық кітапхана қызметкері

Айкөркем Тайлыбекова – аудандық орталық кітапхана қызметкері

Райхан Шауткенова – ақпараттық библиографиялық қамтамасыз ету секторының әдіскері

Роза Көпбаева – Жангелдин ауылдық кітапханасының қызметкері

Алма Айталиева – Ойыл ауылдық кітапханасының қызметкері

Нұрсауле Утеубаева – Аққора ауылдық кітапханасының кітапханашысы

Алпия Оразақова - Қосқұлақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы

Бипатша Әжіғалиева – Сағыз ауылдық кітапханасының қызметкері

Ақмарал Утеулиева – Қоңыраулы ауылдық кітапханасының кітапханашысы

Маржан Тағанова – Кенбай ауылдық кітапханасының кітапханашысы

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика