Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық балалардың тамаша өнері

Кеше  Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, «Жастар» паркінде «Балалар – шаттық ордасы» атты мерекелік концерт болып өтті. Шараны «Мерекем сен» әнімен «Аманат» ансамблі ашса, Райымбек Бағыт пен шәкірті Зайнолла Айсұлтан күйлерден  попури жасады.

84870cfb-59f6-4fe9-84a1-035f6860c961

f4d8ec29-0ef3-4630-b51a-1206e2064393

Одан соң, «Гүлім» бишілер тобы «Солнышко» және «Кербез» қазақ биін билесе, «Бұлбұлым» әнін Нұрай Ерболатқызы тамылжыта шырқады. Ал, «Айжан-ай» бишілер тобы «Ча какао» және «Тодес», «Тұмар» бишілер тобы қазақ биі «Көктем самалы», «Жаңа Қазақстан», «Аякөз» бишілер тобы өзбек биін мың бұрала биледі. Артынша күй тартыстың көрігін Айхан Тұрсынғали мен шәкірті Айым Мысырғали қыздырса, Динаның күйі «Жеңісті» Мейірлан Нұрмағанбетұлы, Махамбеттің «Жұмыр қылышын» Ғабдолла Нұрдәулет шертті. Балалардың көңіл күйін көтерген әсем әндерді Мейірлім Мұрат «Арманыма жетемін», Аружан Дүйсен «Ұстазым», Өркен Асланбекұлы «Арман», Жанерке Маратқызы мен Медина Медетқызы халық әні «Беу айдайды», Дильназ Бейбіт «Туған жер» әнін орындады.

 

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз