Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Әлихан – бас жүлде иегері

Жақында Жангелдин мәдениет үйінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Жас толқын – 2018» атты балалар шығармашылығына арналған аудандық өнер байқауы болып өтті.

Оған Тасшағыл, Тайсойған ауылдық округтерінен басқа округтерден үміткерлер қатысып, бақтарын сынады. Дәстүрлі ән, вокал жанры бойынша өнер көрсеткен қатысушылар патриоттық және халық әні бағытындағы әндер шырқады.

Нәтижесінде, дәстүрлі ән жанры бойынша көздіғаралық Бибінұр Үсенқызы мен Әсемай Шәріп І орынды иеленсе, жамбылдық Айсұлу Сағызбай ІІ орынды, қарабаулық Раушан Жеңіс ІІІ орынды иемденді. Ал, вокал жанры бойынша жангелдиндік Әлихан Кереев бас жүлдені жеңіп алса, мұқырлық Қуанғали Жанан І орынды, ойылдық Эльдар Елеу ІІ орынды, сағыздық Камила Сәтжан мен миялылық Мирас Мизам ІІІ орынды иеленді. Қалған қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

–Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай ұйымдастырылған аудандық байқау өз деңгейінде өтті. Бірақ, қатысушылардың дайындығы өз дәрежесінде емес. Аудандық байқау болған соң көптің ішінен іріктеп, орындайтын әнінен бастап сахна мәдениетіне дейін бақылауда болуы керек. Бала байқауға өздігінен дайындалмайтыны белгілі. Сол себептен, жетекшісі ән таңдағанда жас ерекшелігін, дауыс ырғағына бәріне мән беруі қажет. Байқауға қатысу мақсат екен деп ат үсті қарауға болмайды. Бала осыдан шыңдалып, осындай байқаудан бастап қалыптасады, – деді байқауды қорытындылаған қазылар алқасының төрайымы Айнаш Ағашина.

Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT